8 ақпан күні республика бойынша ауа райы құбылмалы болады

8 ақпан күні ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 25 м/с-ке дейін күшейеді, бұрқасын соғады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Қостанай, Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында 35-40 градусқа дейін қатты аяз болады.

Астанада 22 градус, Алматыда 7 градус аяз болады, Шымкентте 6 градус жылы болады.