Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары 5 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады, күндіз республиканың оңтүстігіндегі таулы өңірлерде толассыз жауын-шашын жауады. Республиканың оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын соғады, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады. Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Маңғыстау облысында тұман түседі. Алматы облысының кей жерлерінде 17-22 м/с жел соғады, көктайғақ болады.

Астанада 25 градус аяз, Алматыда 5 градус жылы, Шымкентте 1 градус жылы болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да