Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Әлемнің үздіктері» байқауы: Димаш Құдайберген 3 ақпанда өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген. Фото: Press-unity.com

Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасына CBS арнасындағы америкалық The World’s Best («Әлемнің үздіктері») шоуы жайлы жазды.

Барлығын басынан бастау. Бірақ ол қажет пе? Қажет. Жеңіліске дайын болмаған адам — жеңіске дайын емес деген сөз. Уақыты келген болуы керек. 3 ақпан. Америка. CBS арнасындағы жаңа шоу. Бұл мен қатысатын соңғы байқау, — деп жазды әнші.

https://www.instagram.com/p/BtRqlI7BJeQ/

Айта кетейік, The World’s Best шоуына Данэлия Төлешова да қатысып жатыр.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің The World’s Best шоуында қандай ән айтқаны белгілі болған еді. Ол  Қытайда I’m A Singer шоуында айтқан S.O.S d’un terrien en détresse композициясын орындаған.

Әлемдік таланттар байқауының қазылар құрамында қазақстандық продюсер Гауһар Нұртас бар. Ол Димаш пен Данэлияның америкалықтарды таңғалдыратына сенімді.

Мақалаға реакция