Димаш Құдайберген 2018 жылдың ең әдемі 100 адамының тізіміне енді

TC Candler сұлулықтың тәуелсіз сыншылары 2018 жылдың ең әдемі 100 адамының тізімін жария етті. Рейтингке Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген екінші жыл қатарынан енді.

Тізімге әлемге белгілі модельдер, әншілер, актерлар мен спортшылар енген. Ең әдемі адамдардың арасында американ актеры Джейсон Момоа көш бастап тұр. Үштікке актер Идрис Эльба мен оңтүстіккореялық әнші Чон Джонгук те еніп отыр.

Димаш Құдайберген 90-орынға жайғасты. 2017 жылы ол TC Candler тізімінің 76-орнында болған еді. Айта кету керек, қазан айында Қазақстан моделі әрі актриса Айя Шалқардың ең әдемі 100 адамның тізіміне үміткер екені хабарланған еді. Бірақ оның рейтингке ене алмағаны белгілі болып отыр.

ДереккөзTengrinews.kz