Junior Eurovision-2018: Данэлия Төлешова 6-орынды иеленді

Данэлия Төлешова халықаралық «Балалар «Евровидениесі» байқауында 171 ұпаймен алтыншы орын алды. Байқаудың бас жүлдесіне Польша әншісі ие болды.

Екінші орынды 203 балл алған Франция, үшінші орынды Австралия өнерпазы (201 балл) иеленді.

Скрин

Данэлия Төлешова байқаудың финалында үшінші болып өнер көрсетті. Ол «Өзіңе сен» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындады. Қазақстанның сахналық нөмірін 2015 жылы «Евровидениеде» Полина Гагаринамен бірге жұмыс істеген Ресей режиссеры Алексей Голубев қойды.

«Балалар «Евровидениесі» байқауына 20 мемлекет қатысты. Оның ішінде екі мемлекет — Қазақстан мен Уэльс байқауға тұңғыш рет қатысып отыр. Данэлия Төлешова қазылардан жоғары балл — 12 ұпайды алмады, дегенмен онлайн дауыс берудің нәтижесінде ол көп балл жинаған үшінші сайыскер болды.

ДереккөзTengrinews.kz