Нұрсұлтан Назарбаев министрлерді батылсыздығы үшін сынға алды

«Қаржы жүйесі… Банктер ашылады. Адамдар сенеді, ақшасын әкеледі. Онда квазимемлекеттік сектор ақшасын салады, ал кейін акционерлер ол ақшаны жымқыра бастайды. Қашып кетеді, сосын біз солардың соңынан жүреміз… Данияр (Ақышев, Ұлттық банк басшысы — редакция), басыңмен жауап бересің. Акционерлердің ақша ұрламауын бақылап отыру қажет. Біз мұнда не үшін отырмыз? Экономикамызды банкроттан тазартпағанша, ештеңе де дұрыс дамымайды», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

…Банкроттық институты нарықтық елдерде ең көп кездеседі. Сендер үкіметтегілер немесе министрлер емессіздер, сіздер қорқақсыздар. Шешім қабылдағанда аяқ-қолдарыңыз дірілдейді. Онда не үшін жұмыс істеп жүрсіздер?, — деді Президент.

«Барлық банкті тазартып беріңіздерші, сонда үкімет өзінің қызметін адал атқарды деп санаймын. Содан кейін отставкаға кетіңіздер. Сонда ғана жұмыс болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қолды сермеп қана отырамыз, нақты жұмыс жоқ. Премьер-министр осы мәселемен жеке айналыссын. Осы мәселе шешілсін. «Жұмыстан кету» жайлы жай айттым. Кетпеңіздер, жұмыс істеңіздер, баяндап отырыңыздар», — деді Мемлекет басшысы.

ДереккөзTengrinews.kz