Депутат Серік Сәпиев отставкаға кетті

Мәжілісте депутат Серік Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Мелдешов шешімді оқыды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы отставкаға кету жайлы өтініштің түсуіне байланысты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәпиев Серік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін шешуге ұсыныс жасайды, — деді Бақыт Мелдешов.

Депутаттар дауыс беріп, Серік Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Құрметті Серік Жұманғалиұлы, сізге парламентте бізбен бірге атқарған жұмысыңыз үшін барлық депутаттық корпус атынан алғыс айтамыз. Сізге мемлекеттік қызметтегі жаңа орныңызда сәттілік тілейміз, — деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Серік Сәпиев әріптестеріне алғыс білдірді.

Осы мүмкіндікті қолдана отырып, біздің Мемлекет басшысы, партия төрағасын Нұрсұлтан Назарбаевқа спортта осындай сенім білдіргеніне алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ сізге, Нұрлан Зайруллаұлы, құрметті әріптестерімнің әрқайсына, айтқан кеңестеріне,  көрсеткен қолдауларына, Парламент Мәжілісінде жинаған тәжірибе үшін алғыс білдіремін. Сіздермен әлі де осылай жұмыс істейміз деп сенемін. Еліміздің өркендеп, қоғамымыздың дамуы үшін, — деді Сәпиев.

Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты қызметіне 2017 жылдың 28 ақпанында келген еді.

ДереккөзTengrinews.kz