Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Осы орында бұған дейін қызмет атқарған Серік Жарасбаев өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Серік Сапиев
Серік Сапиев. Фото ашық дереккөзден

Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін ол Мәжіліс депутаты қызметін атқарған болатын.

Серік Сәпиев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «дене шынықтыру оқытушысы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша оқыған. Ал 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Брунель университетін аяқтады. 2016 жылы Қазақ спорт және туризим академиясының педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. «Қазақстанның бокс федерациясы» ЗТБ жаттықтырушы-оқытушысы, спорт жөніндегі директоры, Astana Arlans бас директоры қызметтерін атқарған.

2017 жылғы ақпан айынан бастап бүгінге дейін Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

Айта кетейік, Серік Сәпиев — бокс бойынша екі мәрте әлем чемпионы (2005, 2007), екі мәрте Азия чемпионы (2007, 2009), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2009). Азия ойындарының жеңімпазы (2010).

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!