29 қаңтардағы ауа райы: көктайғақ және тұман

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең көктайғақ, кей жерлерінде бұрқасын болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман басуы мүмкін. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болуы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.