Аватар ауыстыру акциясы жалғасын тапты

Бұл жұмысты тек екі жастар ұйымы — «Жаңғыру жолы» мен «Жас Ұлан» жүргізбейді. «Жас Отан» жастар қанаты, «Болашақ» қауымдастығы, Қазақстан студенттері альянсы және өзге де ұйымдар сайттарында аватар үшін фреймдарды орналастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай мәлімдеді.

Акция қанатын кеңге жайды. Енді өзіміз де қанша жас қазақстандық азаматтың Президент бастамаларын қолдағанын нақты айта алмайтынымызды атап өткім келеді. Мысалы, jastar.inform.kz сайтында қазіргі кезде есептеуіш 88 мың адамды көрсетіп отырса, жастар ұйымдарының сайттарында есептеуіштер жоқ. Қалай болғанда да, біз қазақстандық жастарды бұл жобаға атсалысуға шақырамыз, — деді Максим Споткай.

Оның пікірінше, акцияның жалпы қорытындыларын бір апта ішінде шығаруға болады. Қазірдің өзінде жастардың Президент бастамаларын қолдаудың жоғары деңгейін көрсетіп жатыр.

23 қаңтар күні «Жаңғыру жолы» және «Жас Ұлан» жастар ұйымдарының бастамасымен, «ҚазАқпарат» ХАА-ның қолдауымен жаңа жоба іске қосылды. Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушылары аватарын Generation Q парақшасына кіріп жаңарта алады.

ДереккөзInform.kz