Басты бет / Жаңалықтар /
жол, полиция, Алматы, көще, бағдаршам, көлік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жезқазғанда жол ережесін өрескел бұзған 8 жүргізуші жазаланды

Жезқазғанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған сегіз жас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлытау облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылықтар қала көшелеріндегі бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген мониториң барысында анықталған.

Жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың бірнеше дерегін тіркеп, кейін тәртіп бұзған жүргізушілердің жеке басын анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша сегіз жүргізушінің әрқайсысына қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік шаралары қолданылды, — делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай бақылау шаралары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүргізіліп жатыр.

Ведомство бұл бастама қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram