Қазақстанда киберспорт академиясы құрылады

Алғашқы орталығы Астанада ашылады. Бұл туралы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының желідегі парақшасында хабарлады.

Жоба атауы — Esports Academy. Оны ұйымдастырып, жабдықтау үшін бағдарлама жоспары әзірленді. Жобада қызмет ететін техника мен кадрлық құрамға қойылатын талаптар да бекітілді.

Академия базасында CS:GO тәртібі бойынша жаттығулар, шеберлік сағаттары және 12-20 жас аралығындағы аудиторияға турнир өтеді. CS:GO кездейсоқ таңдалған жоқ. Оны бүкіл әлем бұрыннан пайдаланып жүр. Тіпті, көптеген ұйым осы тәртіппен ауқымды турнирлер ұйымдастырып келеді.

Ата-аналарды мазалаған сұрақ болса, баласын ертіп академияға келсе болады. Онда «Киберспорт дегеніміз не, қалай қатысса болады, бұл ойынды ойнауға тыйым салу керек пе, жоқ па, қалай көмектесу керек», деген сұрақтарға жауап ала алады, делінген жазбада.

Қазіргі уақытта Qazaq Cybersport Federation киберспорттың Қазақстанда танылып, дамуына үлес қосып жүр. Бұл бастамаға «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы қызықты.