Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Тұман мен көктайғақ: 22 қаңтар күнгі ауа райы

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, кей аймақта жаңбыр жауады.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің екпіні секундына 15-25 метрге күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейіп, бұрқасын соғады.

Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының біраз жеріне тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерін тұман басады.

Түркістан мен Қостанай облыстарында бұрқасын соғып, тұман болады, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *