21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: тұман мен көктайғақ

«Қазгидромет» кәсіпорнының болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты барлық аумақта жауын-шашын болады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарында бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақтөбеде түнде тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейіп, күндіз бұрқасын соғады. Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, бұрқасын соғады. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Маңғыстау облыстарында да тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-23 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында түнде, Павлодар облысында күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, тұман, көктайғақ болады.