Басты бетЖаңалықтарИнтернетте сауда...

Интернетте сауда жасаушылар салық органына тіркелуі қажет

Салық кодексінің 88-бабының 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес электрондық сауда-саттықпен айналысушылар жекелеген қызметті іске асыратын салық төлеуші ретінде тіркеуге тұруы керек. Алматы мемлекеттік кірістер департаменті интернет-саудагерлерге осыны ескертеді.

Мамандардың хабарлауынша, тіркеу есебіне тұру ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңымен бекітілген тәртіп бойынша салық төлеуші айналысатын қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде іске асырылады.

Салық төлеуші бұл хабарламаны кәсібін бастағаннан кейін үш жұмыс күнінен қалдырмай салық органына ұсынуы керек.

Қазіргі уақытта салық төлеушінің кәсібін бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама беру қызметі Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы іске асырылады.