29 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тағы да құбылмалы болады, қар жауады, тек республиканың шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде де бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел секундына 15-25 метрге дейін күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында арагідік жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады. Қызылорда облысында жел күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман  түседі. Түркістан, Жамбыл облыстарында да тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл көлі аумағында жел секундына 15-28 метрге дейін күшеюі  мүмкін.

Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау облыстарында көктайғақ, тұман, бұрқасын мен күшті желге байланысты ескерту жарияланды. Алматы облысындағы өзендер мен Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы тұсында мұз жиналуына байланысты ағыс арнасы тарылып, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 29-30 желтоқсан күндері Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қармен бірге бұрқасын болып, ауа температурасы жоғарылайтынын хабарлаған еді. Синоптиктердің мәліметінше, бұдан кейінгі күндері үскірік аяз болады.