Астана 17 мыңнан аса текше метр қардан тазарды

8 желтоқсанда Астананы қардан тазалауға 313 жұмысшы мен 410 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі «Астана Тазалық» компаниясына сілтеме жасап, хабарлады.

8 желтоқсанда тазаланған қардың жалпы көлемі 17651 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына  қардың 1320, өзге мекемелер 12733,  «Астана көгалдандыру құрылысы» 1320 текше метрін шығарды, — делінген хабарламада.

16 қазан мен 8 желтоқсан аралығында шығарылған қардың көлемі  735080  текше метрді құрайды.

7 желтоқсанда құм-тұздың 71 текше метрі себілді.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.