Астана 30 мың текше метр қардан тазарды

572 мамандандырылған техника Астананың қарын тазалады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызеті хабарлады.

Оған 314 жұмыскер жұмылдырылды.

Тазаланған қардың жалпы көлемі 30 830  текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына  қардың 12 493, өзге мекемелер 16 827,  Астана көгалдандыру құрылысы» 1510 текше метрін шығарды, — деп хабарлады iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

16 қазан мен 4 желтоқсан аралығында шығарылған қардың көлемі 634 969 текше метрге жетті.

4 желтоқсанда құм-тұз аралас қоспаның 83, 13 қазан мен 4 желтоқсан аралығында 10 162,5 текше метрі шашылған.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да