«Астана LRT» жер үсті метросының бағасы туралы айтты

Елордадағы жер үсті метросында жол жүру құны 1000 теңге болады деген ақпарат шындыққа сай келмейді. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС-ға сілтеме жасап, Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу кезінде жолақының бағасы алдын ала 200 теңге деп бекітілген.

Біз транспорт жүйесін ұйымдастыруда барлық уақыттың талабына жауап беретін, әлемдік стандартқа сай болуына ұмтыламыз. Сол себепті, бұл мәселеге алдын ала он жыл бұрын қарауымыз керек. ЛРТ линиясы – қоғамдық көлікті дамытудың тағы бір қадамы, болашақта өсіп келе жатқан қаланың сұранысын қанағаттандыруымыз керек», — делінген компанияның хабарламасында.