Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астана полициясы алаяқтарды ұстады

Фото: Inform.kz

Биыл астаналық полицейлер спорттық ұтыс (ставка) арқылы ақша жасап береміз деп 150-ден астам адамды алдаған Ақтөбе және Алматы облыстары тұрғындарын ұстаған. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

29 қараша күні Астана қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері интернет алаяқтық жасаған 18 жастағы Астана тұрғының ұстаған. Ол Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, онда спорттық ставкалар арқылы ақша жасап беретіні туралы жарнама берген, — деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Осы адамның заңға қарсы әрекет салдарынан жапа шеккендердің саны көп болуы мүмкін. Сондықтан, жәбірленушілер Астана қаласы полиция департаментіне (Бейбітшілік 19) немесе мына телефондар бойынша 8(7172)71-62-91, 71-63-35 хабарласуын сұраймыз, — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *