Астаналық бүлдіршіндер балабақшаға тегін бару мүмкіндігіне ие болды

Астанада аз қамтылған көпбалалы отбасылардың балалары мектепке дейінгі мекемелерге тегін баратын болады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай жеңілдікті алғашқы болып Алматы ауданының әкімдігі жасады. «20 Izgi Qadam» қайырымдылық акциясы аудан әкімі Әділбек Сәрсембаевтың бастамасымен қолға алынды. Бүгінде 20 бүлдіршінге жекеменшік балабақшаға тегін баруға мүмкіндік беретін сертификаттар табыс етілген.

Осы іске бей-жай қарамаған басшылықты, жекеменшік балабақшаның құрылтайшыларына алғысымды білдіргім келеді. Балаларымыз мемлекеттің лайықты азаматы болып өсіп, мейірімді, бойына тек ең жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі деп үміттенемін, — деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашапов.

Балабақшалар жаңа тәрбиеленушілерін 1 желтоқсаннан бастап қабылдай бастайды.