13 желтоқсан күнгі ауа райы: Қазақстан тұман құшағында

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 13 желтоқсан күні еліміздің көп өңірінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Алматы облысының Жаланашкөл көлі ауданында 18-23 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді, өңірде тұман түседі. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Соған байланысты өңірде ескерту жарияланды. Түркістан облысы мен Шымкентте де мамандар тұрғындарға тұман түсетінін ескертті.