«Қазгидромет» РМК мамандары 13-15 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен қатар циклон жылжиды. Республика аумағы арқылы осы циклонның батыстан шығысқа жылжуы кезінде қар, оңтүстікте жаңбыр, жылбысқы қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болып, ауа температурасы жоғарылайды. Күндізгі температура оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 3-13 градус жылыға дейін, солтүстікте және шығыста 3-13 градус аязға дейін жоғарылайды, бұл климаттық нормадан 2-4 градусқа жоғары, — делінген хабарламада.
