Президент Әкімшілігінде жаңа орталық пайда болды

Қазақстанда Талдау және болжамдау орталығы құрылды. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымына тиісті өзгеріс енгізіле отырып, Талдау және болжамдау орталығы құрылды, — делінген Президент жарлығында.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған еді.

Бүгін сонымен бірге Президент өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.