Басты бет / Жаңалықтар /
Килиан Мбаппе
Фото Getty Images

Әлем чемпионаты: Францияның келесі қарсыласы кім болады?

Франция құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Дидье Дешам шәкірттері ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, жүлде үшін күресті жалғастырды.

Бостондағы «Джиллетт» стадионында өткен кездесудің алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Франция бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, Марокко қақпашысы Яссин Буну сенімді ойын көрсетті. Сонымен қатар 25-минутта Килиан Мбаппе орындаған пенальтиді де Буну қайтарып, командасын голдан құтқарып қалды.

Екінші таймда француз құрамасы өз басымдығын нәтижеге айналдырды. 60-минутта Адриен Рабьо бастаған шабуылды Дезире Дуэ жалғастырып, оның пасынан кейін Килиан Мбаппе есеп ашты.

Арада алты минут өткенде Усман Дембеле қарсылас қақпасын дәл көздеп, Францияның басымдығын еселей түсті.

Қалған уақытта Марокко есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, Франция қорғанысы сенімді ойнап, өз қақпасына гол жіберген жоқ. Осылайша Франция 2:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Енді Дидье Дешамның командасы финал жолдамасын Испания мен Бельгия құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен сарапқа салады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram