Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмысына байланысты 11, 12 шілде күндері көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы керек.
Қауіпсіздікті қамтып, жолдағы қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылады, — делінген хабарламада.
