Басты бет / Жаңалықтар /
b0257fc9e08e3d2d9c1ee4641656feab Археологтар Қостанай облысынан неолит дәуірінің жерлеу орындарын тапты
Фото: Gov.kz

Археологтар Қостанай облысынан неолит дәуірінің жерлеу орындарын тапты

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің археолог ғалымдары Әулиекөл ауданынан б.з.д. VII-V мыңжылдықтарға жататын неолит дәуірінің үш қорымын тапты. Мамандардың алдын ала қорытындысы бойынша, бұл — Қазақстан аумағындағы тас дәуірі археологиясын зерттеудегі маңызды ғылыми дерек, үлкен олжа. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, экспедиция кезінде ежелгі тұрғын үйлердің едені астынан бір бала мен екі ересек адамның жерленген орыны анықталды. Мұндай олжа неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері арасында өте сирек кездеседі.

ҚӨУ археология зертханасының аға ғылыми қызметкері, «Торғай ойпатының неолиті (хронология, көші-қон және трансмәдени өзара әрекеттесулер)» ғылыми жобасының жетекшісі Ирина Шевнинаның айтуынша, әдетте экспедицияда тас, сүйек құралдары, керамика сынықтары мен әшекей бұйымдар табылатын. Ал тұрғын үйлердің едені астынан табылған жерлеу орындары археологиялық қазбаның ғылыми құндылығын едәуір арттырады.

Экспедицияны археология зертханасының меңгерушісі Андрей Логвин басқарды. Экспедицияның тағы бір маңызды нәтижесі – маханжар мәдениетіне тән ежелгі тұрғын үйлердің зерттелуі. Бұған дейін археологтар көне тұрақтарды зерттеген болса, Шилі ескерткішінен осы мәдениетке тән жартылай жертөле тұрғын үйлер алғаш рет табылды. Мұндай жерлеу дәстүрі ежелгі кезеңде Орталық Азия мен оған іргелес өңірлердегі бірқатар мәдениеттерге тән болған, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram