Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары 1-4 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың болжамы бойынша күнтізбедегі қыстың алғашқы күндерінде қар жауып, бұрқасын мен күшті ұйтқымалы жел соғады.

Республиканың көп облысында суық атмосфералық фронттар жауын-шашынға себеп болады, ал фронттардың артынан таралатын күшті антициклон алдымен оңтүстік және оңтүстік шығыста, артынша қалған аймақтарда суыққа себеп болып, жауын-шашынды тыяды, — делінген синоптиктердің хабарламасында.