Астанада 6 мыңға жуық жолаушы қоғамдық көлік ақысын төлемеген

Жыл басынан бері Астананың қоғамдық көліктерінде жол ақысын төлемгендерден мемлекет бюджетіне 28 миллион теңге қаржы түсті. Әкімшілік құқықбұзушылық жасағандарға 2 АЕК көлемінде, яғни 4810 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Астанадағы көлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компания қызметкерінің айтуынша, бір тәулікте жолаушылар 600 мыңға жуық сапар жасайды. Олардың 70 мыңнан астамы жеңілдікті санаттағы азаматтар. Нәтижесінде қоғамдық көлікті пайдаланушылар күніне 100 мыңнан астам сапарды тегін жүреді.

Астанада жыл басынан 5806 адам жол жүру ақысын төлеуден жалтарды, — делінген хабарламады.

Астанада ересектер үшін қоғамдық көлікте жүру ақысы — 180 теңге, көлік картасымен – 90 теңге. Балалар үшін қолма-қол ақы — 90 теңге, Astra plat карточкасы бойынша – 40 теңге.