Ақтөбеде қоқыс өңдейтін кешен салынады

Кешен іске қосылғанда осы тұрмыстық қалдықтарды іріктеп, қайта өңдейтін болады. Яғни барлық қоқыстың 30%-ы өңделеді. Пластик заттар қаладағы кәсіпорындарға жіберіледі, ал әйнек, металл, қағаз сынды қалдықтар экспортталады. Баламасы жоқ жобаның құны — 700 млн теңге.  Ол қала шетіндегі қоқыс полигоны жанынан салынады.Кешен келесі жылдың жазында пайдалануға беріледі. 100 адам жұмысқа алынады деп жоспарланған.

«Полигонның қызмет ету мерзімін екі есеге дейін ұзартамыз. Тұрмыстық қатты қалдықтарды осы жерде іріктейміз. Қажетті шикізат жетеді, яғни қоқыс дегенің жыл сайын көбейіп жатыр. Болашақта тағам қалдықтарынан мал азығын дайындаймыз деген жоспар бар», — дейді жоба жетекшісі Алтынбек Қазантаев.

ДереккөзҚазАқпарат