Instagram жалған лайктар мен комментарийлерді өшіруді бастады

Instagram әлеуметтік желісі бөгде қосымшалардың көмегімен автомат түрде қосылған жазылушыларға, басылған лайктарға, жазылған комментарийлерге қарсы күреседі. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланып отыр.

Біз танымалдықты арттыру үшін бөгде қосымшаларды қолданатын аккаунттардың  көмегімен басылған жалған лайктарды, тіркелулерді және комментарийлерді бүгіннен бастап өшіреміз, — делінген компанияның мәлімдемесінде.

Әлеуметтік желі жасанды сервистерді қолданатын аккаунттарды анықтауға мүмкіндік беретін және олардың белсенділігін бірден жоятын технология жасап шығарған. Қолданушылар сондай әдіспен алынған лайктардың, комментарийлер мен жазылушылардың өшірілгені туралы хабарлама алады.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, аккаунтты қолдан танымал ететін қосымшаларды қолдану қауіпсіз емес, себебі олар қолданушылардың тіркеу жазбасына қол жеткізеді. Жаңа ереже бойынша зиянды белсенділікті жою үшін қолданушыларға аккаунт паролін ауыстыру ұсынылады.

ДереккөзRia.ru