Instagram бір сағаттық видеоларға арналған IGTV қызметін іске қосты

«Видео шыққаннан бері араға бес жыл салып біз сіздерге ұзақтығы бір сағатқа дейін жететін IGTV-ді ұсынуға қуаныштымыз. Бұл қосымша бейнероликтерді тік форматта түсіруге мүмкіндік береді. Мобильді құрылғылар үшін нағыз таптырмайтын бағдарлама», — деп жазылған ресми сайтында.

Қолданушылар алдымен жаңа қосымшаға тіркелуі керек. Одан кейін әлеуметтік желіде жазылған арналардың видеоларын көре алады. Сондай-ақ ұзақтығы бір сағатқа дейін созылатын бейнелерді IGTV арқылы табуға мүмкіндігі бар.

«Қазір адамдар теледидарды аз көріп, бос уақытын көбінесе сандық бейне арқылы көргенді құптайды. 2021 жылға таман ұялы телефонның жалпы мобильдік көлемі 78 пайызды құрайтын болады. Жас көрермендер көбінесе кәсіби мамандардың видеосын емес, әуесқой видеоларға көп назар аударатынын байқадық» , — деді қосымшаны жасаушылар.

Кез келген қолданушы өзінің авторлық каналына ұзақтығы бір сағаттық видеоларды жариялай алады.

ДереккөзTengrinews.kz