Facebook Қазақстан нарығы бойынша маманды жұмысқа алады

Facebook Қазақстан нарығы бойынша маман іздейді. Үміткер Дублинде толық жұмыс күніне қызметке алынады. Ол еліміз бойынша желінің теріс мақсатқа қолданылуы туралы жазылған контентті тексерумен, қолданушының тіркеу жазбасына қатысты және жаһандық тақырыптық мәселелерді шешумен, нарықта жалпы тәжірибені жақсартумен айналысатын Community Operations командасында жұмыс істеуі керек.

Болашақ қызметкер деректерге негізделген талдау мәдениетіне тікелей араласады және процестерді автоматтандыра, оңтайландыра, күрделі міндеттерді орындай отырып, Facebook операцияларын масштабтауға көмектеседі.

Community Operations командасы Facebook желісін асыра пайдалану дерегін анықтап немесе соған рұқсат бере отырып және компанияға деген сенімді қалыптастыра отырып адамдардың қауіпсіздігін қорғайды. Команда адамдардың назарын Facebook-ке аударуға ерекше көңіл бөледі, ол үшін желі мәселелерін шешудің масштабты жолдарын қарастыра отырады, олардың бір-бірімен және желінің түрлі функциясымен қалай әрекеттесетінін талдайды, басқа компаниялардың қолданушылық мінез-құлқы туралы сапалы әрі көп ақпарат ұсынады.

Болашақ қызметкердің міндеттері:

  • Қоғамдастық тарапынан келген сұранымдарға жоғары сапалы, жылдам, эмпатиямен және нақты жауап қайтару;
  • Facebook-те хабарланған тіркеу жазбасына қолдау көрсету және тіл тигізу мазмұнындағы хабарламаларды ескерту сияқты проблемаларды зерттеп, шешу;
  • Facebook өнімдері мен қоғамдастық стандарттары туралы хабардар болу;
  • Қазақстанда болып жатқан оқиғалар мен қолданушылардың типтік мінез-құлқынан хабардар болу;
  • Facebook пен Instagram қолданушыларының өзара қарым-қатынасына сапалы әрі толық талдау жасай отырып, нақты бір аймақ жөнінде мағлұмат жинау және сол ақпаратты өңірдегі қолданушылар қоғамдастығын жақсартуға пайдалану;
  • Өңірлермен компания ішіндегі өнімдерге, өсімге және басқа серіктестерге қатысты қарым-қатынас жасау;
  • Проблемаларды тиімді шешу және жобаларды басқару арқылы шешуші мәселелердің шешімін ұсыну;
  • Community Operations миссиясын қолдауда желі қоғамдастығының эмпатиясын білдіру үшін алдын ала ойластырылған насихатты жүргізу.

Қойылатын талаптар:

  • Бакалавр немесе магистр дәрежесі;
  • Кәсіби салада 2 жылдан артық тәжірибе, талдау бастамалары жөнінде тәжірибесі бар адамдарға басымдық беріледі;
  • Проблемаларды шешуде аналитикалық және шығармашылық дағдыларға ие стратегиялық ойшыл болуы қажет;
  • Excel және SQL сияқты инструменттермен жұмыс тәжірибесі болуы керек;
  • Бәсекелесуші басымдықтарға тәуелсіз жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Үнемі өзгеріп отыратын операциялық ортада табысты бола білу және түрлі адаммен, ұйыммен тиімді ынтымақтаса білу мүмкіндігі;
  • Жазбаша және ауызекі ағылшын тілін жетік білу;
  • Қазақ және орыс тілдерін жазбаша және ауызекі деңгейде еркін меңгеру;
  • Қазақстан қауымдастығымен тұрақты байланыс, аймақтың мәдениеті мен жалпы өмір салтын егжей-тегжейлі білу.

Сұраным жіберу

ДереккөзNeupusti.net