Басты бет / Жаңалықтар /
Қар жауады
Фото: i1.wp.com

Алдағы тәуліктерде қар жауады

«Қазгидромет» РМК мамандары 20-22 қараша күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Атлантика циклондарымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжиды, соның әсерінен қар жауады, бұрқасын мен батыстан күшті жел соғады. Сонымен қатар Каспийдің оңтүстігінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына фронттары бар циклон жылжиды. Оның салдарынан өңірде дымқыл қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, күшті жел соғады. Қазақстанның бүкіл аймағында ауа температурасы жоғарылап, орташа көпжылдық нормаға, ал солтүстік облыстарда одан жоғарыға жақын болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook