Тағы да жауын-шашын. 8 қараша күнгі ауа райы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 8 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша белсенді фронттардың ықпалында болғандықтан тағы да тұрақсыз ауа райы қалыптасады, жауын-шашын болуы мүмкін, тек республиканың оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, түнде кей жерлерде жел күшейіп, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, өңір аумағының басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, 15-20 м/с жел соғады.

Павлодар облысында көктайғақ болады, облыс аумағының көп бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23 метрге күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында арагідік тұман түседі.