«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 7 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тағы да тұрақсыз ауа райы қалыптасады, жауын-шашын жауады, тек еліміздің батысында күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ болады, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысында желдің күшеюіне, Қызылорда облысында тұманның түсуіне байланысты ескерту жарияланды.
