Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ислам Каримов көз жұмды

©Centralasian.org

Өзбекстан министрлер кабинеті бүгін президент Ислам Каримовтің денсаулығы денсаулығы күрт нашарлап, хал үстінде жатқанын мәлімдеген.

Өзбекстан үкіметі 78 жастағы Каримовтің әлдебір сырқатпен ауруханаға түскенін 28 тамызда хабарлаған. Каримовтің денсаулығына қатысты бұрын-соңды ресми түрде хабарланбайтын.

Бүгін бұдан ертерек Reuters Қазақстан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, Қытайда сапармен жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарын доғарып, ертең — сенбі Өзбекстанға баратынын хабарлаған еді.

Жергілікті агенттіктер Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаевтың әзірге Қытайдағы G20 елдері саммитіне қатысудан өзге жоспары жоғын айтқанын хабарлайды.

3 комментария на «“Ислам Каримов көз жұмды”»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *