Kcell компаниясы Қазақстанда LTE желісін іске қосты

Төртінші буын қызметін алғашқы болып Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, сонымен қатар 4G/LTE желісін бірлесіп пайдалану туралы Beeline Қазақстанмен келісім аясында Астана, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай, Өскемен, Бурабай, Павлодар, Семей, Сәтпаев секілді 9 қала абоненттері пайдалана алады.

«Кселл» компаниясы әлемдегі ең үздік LTE технологияларымен және қызметтерімен жабдықтаушы ұйымдардың бірі «Ericsson» компаниясының жабдықтары негізінде құралған ең соңғы үлгідегі заманауи мультитехнологиялық желіні пайдалана отырып 4G/LTE-ні іске қосты.

«Ericsson мен Kcell Қазақстанға елді мобильді кеңжолақты желімен қамту аймағын кеңейтетін және қатары күн өткен сайын көбейе түсетін абоненттерге жылдам әрі сенімді Интернетті пайдалану мүмкіндігін беретін ең жаңа LTE технологияларын әкеліп отыр. Бұл Kcell клиенттеріне қызметтің үздік сапасының рахатын көріп, технологиялар біріктірген қоғамдағы жаңа мүмкіндіктердің әлеуетін байқап көруге жол ашады. Жоба – ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан Kcell мен Ericsson серіктестігі тарихындағы ең маңызды оқиға. Біз Kcell-дің Қазақстанның мобильді саласын ары қарайғы дамытуындағы іс-әрекетіне қолдау білдіре аламыз деген сенімдеміз», — деп пікір білдірді Ericsson компаниясының Солтүстік Еуропа және Орталық Азия аймағындағы Басшысы Питер Лорин.

4G/LTE желісі 100 Мбит/сек көрсеткішіне дейінгі ең жоғарғы жылдамдықты қамтамасыз ете алады. Компания 2016 жылдың соңына дейін бірлескен желімен Қазақстан халқының 30%-ын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жекелей алғанда бұл LTE желісін дамыту туралы екі оператордың бірлескен келісіміне кіретін 13 қаланы қамту арқылы да жүзеге асатын болады.

«Сауда орталықтарындағы пилоттық LTE аймақтарымыз ашылғалы бері 200 мыңнан астам абонент 4G интернетімізді тестілеп көрді. Қазір компаниямыздың абоненттерінің 25%-дан көбі  4G/LTE қолдайтын смартфондарды пайдаланады. Сондықтан біз төртінші буын желісін LTE-құрылғылар ең көп таралған аймақтарда іске қосып отырмыз. Бұл абоненттеріміз қолданатын гаджеттердің жалпы санының шамамен 20-25%-на тең», — деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

Төртінші буын желісі 800 МГц және 1800 МГц жиілік диапазондарында жұмыс істейтіндіктен, ғимараттар ішіндегі сигнал қабылдау бұрынғыға қарағанда тұрақтала түседі, бұл мобильді интернет сапасын айтарлықтай арттырады. Ал елдегі ең ірі мегаполис – Алматы тұрғындары мәліметтер жеткізу жылдамдығын 100 Мбит/сек дейін жеткізе алатын LTE Advanced желісін пайдалана алатын болады.

«Кселл» клиенттерінің өмірін барынша жайлы етіп, оларды ең жоғарғы әлемдік стандарттарға сай сервиспен қамтамасыз етуге тырысады. 4G/LTE желісінің іске қосылуы абоненттерімізге барынша аз уақыт ішінде үлкен көлемдегі ақпаратпен жылдам алмасуға мүмкіндік береді», — деді Арти Отс.

Kcell және activ абоненттеріне ыңғайлы болуы үшін бүкіл Қазақстан бойынша заманауи Kcell Store және Kcell Center дүкендері жұмыс істейді. Аталған дүкендерден келісім-шарт негізінде де, толық баға бойынша да қолданушылар үшін қолжетімді 4G/LTE-девайстар алуға болады. Кәсіби кеңесшілер төртінші буын желісінің барлық мүмкіндіктерін барынша ыңғайлы жолмен пайдалануға мүмкіндік беретін тарифті және құрылғыны таңдауда көмекке келеді.

Смартфонның және SIM-картаның 4G/LTE желісін қолдайтынын білу үшін абонентке *256# USSD командасын теру керек. Қажетті ақпарат жауап хабарлама түрінде келеді.