«Қазгидромет» 3 қараша күнгі ауа райына болжам ұсынады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 3 қараша күні Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронттық зонада орналасуына байланысты ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын болады, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн ашық болады. Өңірлерде екпінді жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Ақмола облысында түнде жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын болады, тұман түседі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында желдің екпіні 25 м/с-ке жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады, жел секундына 15-25 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді.