«Саташ»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Төлеген Байтөкенов

Ұзақтығы: 91 минут

Рольдерде: Дина Тасболатова, Шыңғыс Қапин, Ержан Нүсіпақынов

Жанры: драма, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, «Саташ» фильмі учаскелік полицей туралы. Ол туған ауылына басып кірген қылмыскерлермен жалғыз күреседі. Ауыл тұрғындарына күш жұмсаған қылмыскерлерге төтеп беріп, өзінің борышын соңына дейін өтейді.

«Бизнесмендер»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Ақан Сатаев

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Асқар Ілиясов, Шәріп Серік, Расым Жұбаев, Санжар Мәди, Айсұлу Әзімбаева, Константин Крюков, Еркен Ғұбашев

Жанры: драма, криминал

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

«Бизнесмендер» — 90 жылдарды бейнелейтін кинотуынды. Сюжет желісі бойынша үш дос — Әнуар, Асқар және Дамир кәсіп бастайды. Осы жолда олардың ақша, достық және махаббат сияқты құндылықтарды қаншалықты бағалай алатыны көрсетіледі.

Qarakoz

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Роман Сидоренко, Максим Якобчук

Рольдерде: Әли Оқапов, Бибігүл Ақтан, Дарья Александрова, Роман Жуков, Владислав Букаткин, Райхан Айтқожанова, Салтанат Наурыз, Алдияр Байракимов

Жанры: хоррор

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжет желісі бойынша жас жігіттер мен қыздар түнде орманда отырып, қорқынышты оқиғаларды айта бастайды. Олар өздері ойлап тапқан оқиғаларды шын болғандай етіп бір-бірін сендіргісі келеді. Олардың үрейлі әңгімесі әйгілі Жалмауыз кемпір, Жезтырнақ және соңғы уақытта көп айтыла бастаған Қапшағай жолындағы елес туралы және олар фильмде новелла түрінде көрсетіледі.

«Богем рапсодиясы»

Шығарушы мемлекет: Ұлыбритания, АҚШ

Режиссеры: Декстер Флетчер, Брайан Сингер

Ұзақтығы: 134 минут

Рольдерде: Майк Майерс, Рами Малек, Джозеф Маццелло, Эйдан Гиллен, Бен Харди, Люси Бойнтон, Том Холландер, Аллен Лич, Гвилим Ли, Аарон МакКаскер

Жанры: драма, өмірбаян, музыка

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Картина аңызға айналған Queen тобының және Фредди Меркьюридің өміріне шолу жасайды, шарықтаған кезеңі мен тоқыраған сәттеріне тоқталады.

«Хантер Киллер»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Донован Марш

Ұзақтығы: 122 минут

Рольдерде: Линда Карделлини, Джерард Батлер, Гари Олдман, Тоби Стивенс, Тейлор Джон Смит, Микаэл Нюквист, Кэролайн Гудолл, Коммон, Райан МакПартлин, Майкл Трукко

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, «Хантер киллер» сүңгуір кемесінің капитаны. Ол АҚШ Әскери-теңіз күштерінің арнайы жасағымен күш біріктіріп, әскери төңкерістен кейін тұтқынға алынған Ресей президентін құтқаруға кіріседі. Теңіз жауынгерлерінің қолында әлемнің тағдыры тұр, өйткені билікке келген Ресей генералы Үшінші дүниежүзілік соғысты қалайды.

«Ұтылған орын»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Надежда Михалкова

Ұзақтығы: 95 минут

Рольдерде: Анна Михалкова, Алексей Дякин, Ирина Мартыненко, Алексей Мартынов, Никита Еленев, Сергей Городничий, Валентина Ляпина, Анастасия Акатова, Арам Вардеванян, Ольга Озоллапиня

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Кинотеатрда бір қарғыс атқан орын бар деген жастар арасында қауесет өріп жүр. Сол орынға билет алған адам өледі екен. Қатарынан болған кісі өлімінен кейін бір топ ұл-қыз осы аңыздың шын-өтірігін анықтамақ болады.

«Фагот»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Борис Гуц

Ұзақтығы: 61 минут

Рольдерде: Анастасия Пронина, Юлия Ауг, Ольга Кавалай-Аксенова, Александр Дривень, Анна Даукаева

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Қызғаншақ, ұрысқақ қыздан қалай құтылуға болады? Максим үшін бәрі бейбіт түрде, жақсы аяқталғаны маңызды. Сөйтіп ол ажырасудың абсурд амалын ойлап табады. Бірақ бұл күтпеген нәтижеге алып келеді. Kinostan.kz осылайша оқиға желісін сипаттайды.

«Қырым көмірі. Сүйіспеншілікпен жасалған»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Жанна Исабаева

Ұзақтығы: 105 минут

Рольдерде: Алексей Демидов, Катерина Шпица, Артем Ткаченко, Сергей Никоненко, Юрий Стоянов, Ирина Розанова, Сергей Газаров, Алёна Хмельницкая, Софья Зайка, Лаура Кеосаян

Жанры: комедия, мелодрама

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Сюжет желісі Қырым көпірі салынып жатқан Керчьте өрбиді. Үлкен құрылыс фонында Диманың өмірінде үлкен өзгерістер пайда болады. Ол жыл сайын археолог-студент қыздардың арасынан ең сұлуын таңдап, көңілдестік құратын. Бірақ осы жолы Диаманың Берік атты кавказдық бәсекелесі пайда болады. Берік болса, америкалық қызға үйленіп, Голливудқа кетуді армандайды.

«Жан түршіктірер 2: Үрейлі хэллоуин»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Эри Сандел

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Мэдисон Айсмен, Венди МакЛендон-Кови, Кен Жонг, Крис Парнелл, Джереми Рэй Тейлор, Шэри Хидли, Калил Харрис, Кортни Лорен Каммингс, Пейтон Уич, Дрю Шейд

Жанры: комедия, фэнтези, отбасылық

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Хеллоуин қарсаңында қорқынышты да құдіретті құбыжықтар кітап бетінен тіріліп, адамдардың үрейін алуға тағы да көшеге шығады. Бұл жолы оқиға «Хоррорлэнд» сауық паркінде болады.

«Жабайы иттердің ұлысы: Шіріген алма»

Шығарушы мемлекет: Жапония

Режиссеры:  Такуя Игараси

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Мамору Мияно, Кэнсё Оно, Кисё Танияма

Жанры: комедия, фэнтези, детектив, атыс-шабыс, аниме

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ерекше қабілеті бар адамдар өзіне қол жұмсап, өмірмен қоштасады. Ал олардың өлген орнында жұмбақ тұман қалып қояды. Бұл істі тергеуге ерекше күшке ие қызметкерлерден құралған «Қарулы детектив агенттігі» кіріседі. Kinostan.kz осылайша сюжет желісін сипаттайды.