30 қазандағы ауа райы: жауын-шашын, жел, тұман мен көктайғақ

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 30 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы қалыптасады, жауын-шашын болады, тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Павлодар облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 метрге жетеді, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-22 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады, жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан,  Алматы облыстарында тұман түседі.