25 қазандағы ауа райы: ашық та жылы күн

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 25 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Өңірлерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл көлі маңында күндіз екпіні секундына 17-22 метрге жететін жел соғады.

Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 25-26 қазан күндері Қазақстанның батысынан басқа өңірлерде ауа температурасы жоғарылайтынын хабарлаған еді.