Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Антициклон әсерінен 28 градусқа дейін жылы болады

Фото: 1zoom.me

«Қазгидромет» РМК гидрометеорологтары 25-27 қазан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның батысына Еділ бойы аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды, соның әсерінен жауын-шашын, әсіресе жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Республиканың қалған аумағында жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталады, ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады, — делінген хабарламада.

Ең жоғарғы ауа температурасы 8-15, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 18-23, тіпті кей жерлерде 28 градус болады.

27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуіне байланысты жаңбыр жаууы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *