24 қазандағы ауа райы: жауын-шашынсыз, бірақ тұманды күн

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 24 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, республиканың батысы мен шығысында ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Өңірлерде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман түседі, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысында тұманға байланысты ескерту жарияланды.