Бауыржан Байбек Алматының келешекте қалай дамитынын айтты

Алматыда мэрлердің халықаралық саммиті ашылды. 20 елден келген мэрлердің алдында Алматы әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйлеп, басқосу өткізуші қаланың келешекте қалай дамитынын айтты.

Саммит көпғасырлық тарихы бар қалада өтіп отыр. Алматы дүниежүзіндегі әлем экономикасына үлес қосушы 600 қаланың қатарына кіреді. Бүгінде табысты әрбір алматылыққа шаққанда 20 мың доллардан келеді. Еліміздегі ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда. 2020 жылға қарай халық саны үш миллион адамға жетеді, — деді Бауыржан Байбек.

Әкімдіктің мәліметінше, алдағы 15 жылда қалалықтардың қоғамдық көлікті пайдалануы төрт есе, велосипедшілер саны үш есе артады. Бауыржан Байбек қазір Алматының алдағы 30 жылға арналған мастер-жобасы жасалып жатыр. Жобаның маңызды бөлігі — медицинаны дамыту. Қала бюджетінің үштен бірі қазірдің өзінде осы салаға бөлініп жатыр. Алматыда 160 медицина ұйымы бар, олардың бәрі қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған. Келер жылы жапон мамандарымен бірге жаңа медициналық орталық салынады.

Басты міндеттердің бірі — ыңғайлы да сау қалалық орта жасау. Біз «қала көліктер үшін емес, адамдар үшін» саясатын жүйелі жаңғыртып жатырмыз. Қазір қаланың 60%-ы жаңғырды. Көптеген көше тек жаяуларға арналып отыр. Бұл — салауатты өмір салтын қалыптастыру. «Алматыбайк» та қазір танымал бола бастады, — деді қала әкімі.

Әкім айтқан «Алматыбайкпен» қоса жақыда Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысып қайтқан еді.

Қазіргі уақытта Алматыда автокөліктерге арналған кеңістік әдейі қысқартылып, отынның экологиялық жағынан тиімді түрлеріне көшу жалғасып жатыр. Еуропалық сапаға сай автобустар шығаратын зауыт салынды. Осы жылдың соңына дейін Алматының жеке секторына түгел газ беріледі.

ДереккөзZakon.kz