«Хоум Кредит Банкі»: Қазақстандықтардың қызметімізді күнделікті пайдаланғанын қалаймыз

Шара кезінде жаңадан тағайындалған директор өмірбаянынан қызық фактілерді айтып қана қоймай, БАҚ өкілдеріне банктің алдағы жоспарлары, қаржы ұйымы қызметінің жыл басынан бергі көрсеткіштері туралы да мәлімдеді.

Банк өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша несие портфелі 21%-ға артып, 246,1 миллиард теңге болды. Жеке және корпоратив депозиттер көлемі 29%-ға өскен, яғни 123,4 миллиард теңге. Сонымен қатар NPL 90+ (мерзімінен бұрын берілетін несие, олар бойынша несиелік келісімнің шарттары орындалмайды) 3,51% болды. Бұдан бөлек, активтердің тұрақты өсуі жыл басынан қыркүйек айына дейін Банктің екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылардың бірі ретінде қалыптасқанын көрсетеді. Банк активтері 21.8%-ға артып, 292,9 миллиард теңге болды. Банктің таза кірісі туралы айтатын болсақ, «Хоум Кредит Банкі» 01.09.2018 жылы 15 миллиард теңге табыс тапты.

2018 жылы Банк клиенттеріне бірқатар жаңа өнім әзірледі. Олардың ішінде бөліп төлеу мен несие функцияларын бір мезгілде біріктіретін «ДОС» несие картасы, 15% көлеміндегі ең жоғары жылдық сыйақы алуға мүмкіндік беретін депозиттік сертификат және «Аялау» қаржылық қорғау қызметі бар.

Қазір «Хоум Кредит Банкі» қызметтерді цифрландыруға ерекше назар аударады. Соның бірі ретінде мобильдік банкингті айтуға болады. Оның көмегімен клиент ақшасын әрдайым бақылауда ұстай алады.

Карел Горак Банк өнімдер желісін одан әрі кеңейте беретінін, банк жеке транзакция операциялары үшін бірегей шешімдерді енгізуді, қызмет көрсету сапасын арттыруға да ерекше назар аударатынын айтты. Сонымен қатар клиенттер үшін кредиттік өтінім мен жеке ұсыныстардың қарапайым процесін енгізу мүмкіндігін арттыратынын атап өтті. Бұдан бөлек, басшылық тұрақты тәуекел менеджментінің көмегімен 2019 жылы Банктің табысын көбейтуді жоспарлап отыр.

Біздің Банктің Қазақстандағы қызметін ұзақ мерзімге жоспарлап отырмыз. Өйткені мемлекеттің тамаша экономикалық әлеуетін байқаймыз. Қазақстандықтардың біздің Банктің қызметтерін күнделікті пайдалануын қалаймын! Басты мақсатымыз — озық технологияларды пайдалана отырып, банктің бірегей қызметтері мен өнімдерін арттыру арқылы клиенттеріміздің өмірін жақсарту. Біз клиенттеріміз, серіктестеріміз, қызметкерлеріміз және тұтастай алғанда, қоғам мен банк саласы үшін ең жақсы таңдау болғымыз келеді, — дейді Карел Горак.

Карел Горак Home Credit Group командасына 2015 жылдың мамыр айында Индонезиядағы сату жөніндегі директор ретінде қосылды. 2018 жылдың тамызынан бастап Қазақстандағы «Хоум Кредит Банкі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады.

Home Credit Group командасына қосылар алдында Карел Горак Coca-Cola Hellenic компаниясында 12 жыл түрлі қызмет еткен, соның ішінде бірнеше Еуропа елдерінде сату және маркетинг, қаржы, бизнесті дамыту және жетілдіру салалары бойынша да тәжірибесі бар.

Карел сату және маркетинг бойынша еңбек жолын 23 жасында Чехияның алкоголь компаниясында бастаған.

Карел Прагадағы Экономика университетін тәмамдап, экономика және менеджмент бойынша магистр дәрежесін алған. Чех, ағылшын, неміс және индонезия тілдерін меңгерген.