Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

17 қазанға арналған ауа райы болжамы: жауын-шашын мен көктайғақ

Фото: Images.cdn.impresa.pt

«Қазгидромет» РМК 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Мамандардың мәліметінше, республиканың көптеген бөлігінде ауа райы әлі де тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыста жауын-шашын көп түседі. Оңтүстік-батыста ғана жауын-шашын болмайды. Өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ байқалады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 метр/секунд жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысында 15-20 метр/секунд жел соғады, күндіз екпіні кей жерлерде секундына 23 метрге жетеді, тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде де тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз секундына 15-20 метр жел соғады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 метр/секунд жел соғып, түнде тұман түседі.

Атырау облысында да секундына 15-20 метр жел соғып, тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, 15-20 метр/секунд жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында секундына 17-22 метрге жететін күшті жел соғады.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Атырау облыстарында ауа райының қолайсыз болатынына байланысты ескерту жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *