Жауын-шашын мен жел: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 16 қазанда республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жауын-шашын тіпті күшті болады, тек оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. 15-20 метр/секунд жел соғады, түнде жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жел секундына 30 метрге дейін және одан аса күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 метр/секунд жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 метр/секунд жел соғады. Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.