Айырбастау пункттерінде доллар 372 теңгеге саудаланып жатыр

11 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 369 теңгемен өтті. Минималдық құны да осыған тең болды. Ал максималдық құны 373,5 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 59,4 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 371-375,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 11.10-да Brent маркалы мұнайдың барреліне 81.65 доллар болды.

ДереккөзTengrinews.kz