Теңге бағамы: Ұлттық банк интервенция жүргізуге шешім қабылдады

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, девальвациялық болжамның күшеюін болдырмау үшін және ішкі валюта нарығын тұрақтандыру мақсатында Ұлттық банк 2017 жылғы қазаннан бастап алғаш рет валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады. Мәселен, 2018 жылғы 5-7 қыркүйек аралығындағы кезеңде шетел валютасына ұсыныс болмаған жағдайда Ұлттық банк 520,6 миллион АҚШ долларын сатты. Бұл туралы қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2018 жылғы қыркүйекте ішкі валюта нарығында ұлттық валютаның әлсіреуіне себеп болған теңгерімсіздіктер едәуір күшейді. Қазақстанға ішінара ғана тікелей қатысты әлемдік нарықтардан жағымсыз жаңалықтар ішкі валюта нарығына қатысушылардың және олардың клиенттерінің шамадан тыс ден қоюына ықпал етті. Соның нәтижесінде шетел валютасына ұсыныстың төмендеуі аясында оған деген сұраныстың ұлғаюы байқалды. Бұл ретте әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы ахуал түрлі бағытта қалыптасты.

Мұнайдың әлемдік нарығы бағаның өсуімен сипатталды, ол 2014 жылғы желтоқсаннан бастап ең көп мәнге жетті. Қаржы нарығы сауда қақтығыстарының күшеюі және әлемнің аса ірі экономикалары арасындағы шиеленістің өсуі арқылы дамыды. АҚШ-тың санкциялық және протекционистік саясаты, сонымен бірге Федералдық резерв жүйесінің мөлшерлемелерді арттырудың жалғасып отырған циклы дамыған нарықтардың пайдасына капитал ағындары бағытының өзгеруіне себепші болды. Геосаяси оқиғалардың аясында Ресей рублінің әлсіреуі қыркүйектің басында ішкі валюта нарығына жағымсыз әсер еткен барынша маңызды сыртқы фактор болды, — делінген хабарламада.

Бұл күндері Ұлттық банктің валюта нарығына қатысу үлесі биржадағы сауда-саттықтың жалпы көлемінен 80%-ға жуық болды, алайда тұтастай алғанда бір ай ішінде Ұлттық банктің қатысу үлесі 13,6% болды.

Айырбастау бағамы құбылған жағдайда шетел валютасына объектив қажеттілік болмаған кезде Ұлттық банк халыққа және ұйымдарға активтерді бір валютадан екіншісіне аударудан тартынуды ұсынады. Баға белгілеудің үдемелі шегінде валютаны сатып алу жинақ ақшаны жоғалту тәуекелін ұлғайтады.